Азат Перуашев «Нұр Отан» партиясынан шығып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азат Перуашев «Нұр Отан» партиясынан шығып жатыр

Азат Перуашев «Нұр Отан» партиясынан шығып жатыр

ҚазТАГ-қа Астанадағы ақпаратқа қанық дереккөзден белгілі болғанындай, «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының (ҚҰЭП) басшысы Азат Перуашев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан (ХДП) шығу туралы шешім қабылдады.

  • 1 Шiлде 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Оның бұл шешіміне не себеп болғаны белгісіз», — деді дереккөз.

Алайда, бұның алдында ҚазТАГ БАҚ-тардағы түрлі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, А. Перуашев парламенттік сайлауға қатысу үшін жаңа кәсіпкерлер партиясын басқаруы мүмкін.

43 жастағы А. Перуашев ҚР президенті әкімшілігі секторының меңгерушісі, «Қазақстан Алюминиі» АҚ вице-президенті, Қазақстанның азаматтық партиясының жетекшісі болған. 2006 жылдан бері «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы болып қызмет атқарады. 2006 жылдың желтоқсан айынан бері «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің бюро мүшесі.

Соңғы жаңалықтар