"Азат Перуашовтың үстінен ҚР ҚК 211 бабымен қылмыстық іс қозғау керек" - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азат Перуашовтың үстінен ҚР ҚК 211 бабымен қылмыстық іс қозғау керек" - Айгүл Орынбек

"Азат Перуашовтың үстінен ҚР ҚК 211 бабымен қылмыстық іс қозғау керек" - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек Ақжол партиясы төрағасы Азат Перуашов туралы айтты.

  • 5 Қыркүйек
  • 136
smartnews.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ақжол партиясы төрағасы Азат Перуашовтың үстінен ҚР ҚК 211 бабымен қылмыстық іс қозғау керек!

Құзырлы органдар тергеп -тексеру жүргізбей жатып, өз қызмет бабын пайдаланып, тіпті парламенттің ішінде қызметтік тексеру жүргізбей, екеуара хат алмасуды әлеуметтік желіге салып жариялағаны үшін!

Азат Перушов қоғамның назарын басқа ақпаратпен бұрмақшы болды деген ойдамын, себебі белгілі, күні кеше Перуашовтың орынбасары Дмитрий Василиев үлкен шенеунікке пара берген деген күдікке ілінген! Біз Перуашовқа сенің орынбасарың үлкен шенеунікке неге пара беріп жүр, деп сұрақ қоюуымыз керек!

Яғни Ақжол партиясының экс мүшесі Садықов “мені өздеріңнің лас істеріңе арластырмаңдар” деген сөздерінің астарында үлкен құпия бар!

Жемқорлық парламент төрінде белең алып жатқанда, еліміздің болашағына алаңдау керекпіз!

Ақжол партиясының мүшелері төрағаларыңды ауыстыратын уақыт келді», — деп жазды заңгер.