"Азаттық радиосы" ешқашан халықтың қамын жеген емес: Сарапшылар тәуелсіз медианың жабылуы туралы не дейді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.04
  • 544.45
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азаттық радиосы" ешқашан халықтың қамын жеген емес: Сарапшылар тәуелсіз медианың жабылуы туралы не дейді

"Азаттық радиосы" ешқашан халықтың қамын жеген емес: Сарапшылар тәуелсіз медианың жабылуы туралы не дейді

Айта кетсек, "Америка дауысы" радиостанциясының 1,3 мыңнан астам қызметкері әкімшілік демалысқа жіберілген. 83 жыл ішінде алғаш рет бұл медиа ұйымының хабар таратуы тоқтатылды. Бұл туралы редакция директоры Майкл Абрамовиц LinkedIn әлеуметтік желісінде хабарлады.

  • 17 Наурыз
  • 23
Фото: hraparak.am

АҚШ президенті Дональд Трамп жеті федералдық агенттікте қысқарту жүргізуге бағытталған «Федералдық бюрократияны қысқартуды жалғастыру туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Олардың арасында 49 тілде хабар тарататын бес ірі америкалық медиа-корпорацияны бақылайтын АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігі (USAGM) бар.

Агенттіктің қатарына «Азат Еуропа/Азаттық Радиосы», «Америка дауысы», «Азат Азия» радиосы, Кубаның хабар тарату кеңсесі (Radio Marti), Таяу Шығыстағы хабар тарату желілері (MBN) және Ашық технологиялар қоры сияқты ақпарат құралдары кіреді. USAGM-нің 2025 жылға арналған бюджеттік өтінімі 950 миллион доллар. 

Илон Маск дегеніне жетті.

«Азаттық радиосы Еуропа мен Америка дауысы радиоларын ешкім тыңдамайды, миллиондаған долларды жәйбарақат жеп отырған арамтамақтар бұлар», -деген еді.

Дональд Трамп USAGM — Американың ғаламдық медиа жөніндегі агенттігіне бөлінетін қаржының желкесін үзді. 

Бұл агенттік Азаттық радиосының хабар таратуына тікелей жауапты орган еді.

Жегендей көрінген, шындықты айтып жатқандай болған, алайда, оның бәрі тек ел ішіндегі дүрбелеңді қоюлату үшін істелген қадамдар еді. 

«Сенбесеңіз, біздегі «азаттықтың» сайтына кіріп контентін бір саралап шығыңыз. 99% көзі аларған негатив, билікті жамандау сарынындағы жазбалар», — деді Алмас Алтай.  

АҚШ Конгресі доллармен шытырлатып жалақы төлеп отырған соң басқаша жазуға болмайтын да болар. Бірақ, ара-тұра елдегі жақсы жаңалықтарды неге беріп отырмайды? 

Бірақ, Қазақстанның жақсы жағынан танылғаны «азаттыққа» керек емес, ар жағында отырған қожайындарға керек емес. 

«Оларға Қазақстанның «боратстан» болғаны керек, лгбтның отаны болғаны керек, транстардың мекені болғаны керек, «азшылықтың құқын қорғаймыз» деген желеумен ұлттың құндылықтарын аяққа таптап жүргендер де болған», — деді ол.

Тәуелсіз, азат медиа. Қазақстанда аузыңа келгенді айтқаның азаттығың емес қой, түптің түбінде сайратып отқан конгресс екенін бәрі біліп отыр ғой. 

«Азатпын, азатпын» деп жүріп аузыңды аңпитып кететін «азаттықты» таратқаны тәуір-ақ қадам болды», — деп түйіндеді ол.

Алайда шындықты жазатын тәуелсіз баспаның тағдыры осымен аяқталады дегенге қоғам келіспейді. Айтуларынша, бұл шешімді сот құптамайды. Азаттық үні уақытша бәсеңдеуі ықтимал. Бірақ азаматтық қоғамға ұмтылған адамдар бар да оны біржола тұншықтыру мүмкін емес. Шындықты жазатын басылым біздің биліктің те былығын әшкере еткен, деп жазып жатыр ел тұрғындары.