Әзербайжан астанасында Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын пайдалануға беру рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан астанасында  Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын пайдалануға беру рәсімі өтті

Әзербайжан астанасында Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын пайдалануға беру рәсімі өтті

Бүгін, 25-мамырда Бакуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Грузия президенті Михаил Саакашвили, Түркия президенті Ахмед Неджет Сезер, АҚШ энергетика министрі Сэмуэль Бодмэн мен ВР компаниясы басқармаларының төрағасы лорд Джон Браундар Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының символдық тиегін ашып, іске қосты,- деп хабарладйы KZ-today тілшісі.

  • 25 Мамыр 2005
  • 410
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, экспорттық мұнай құбырның Әзербайжанға қарасты бөлігімен ресми түрде мұнай айдала бастады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталған.

Перейти к новостям спорта