Әзербайжан астанасындағы бір мешіттегі жарылыстан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан астанасындағы бір мешіттегі жарылыстан екі адам қаза тауып, тоғыз  адам жараланды

Әзербайжан астанасындағы бір мешіттегі жарылыстан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды

Баку. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан астанасындағы бір мешіттегі жарылыстан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Баку прокуратурасына сілтеме жасап.

  • 18 Тамыз 2008
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Жарылыс жексенбі күні кешке Баку қаласының Нариман ауданында орналасқан «Абу-Бекр» мешітінде кешкі намаз уақытында сағат 20.50-де болған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, мешіттің терезесі арқылы граната лақтырылған. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды, жараланғандардың арасында мешіттің имамы — Гамет Сулейманов бар», — деп хабарлайды прокуратурадағылар.

Баку қалалық прокуратурасы жарылыс дерегі бойынша тергеу жүргізуде. Жарылысқа қатысты алдын-ала мәліметтер бүгін белгілі болмақ.

Жарылыс сәтінде мешітте 500 адам болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар