Caravan Logo

Әзербайжан астанасындағы бір мешіттегі жарылыстан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды

Әзербайжан астанасындағы бір мешіттегі жарылыстан екі адам қаза тауып, тоғыз  адам жараланды

"Жарылыс жексенбі күні кешке Баку қаласының Нариман ауданында орналасқан "Абу-Бекр" мешітінде кешкі намаз уақытында сағат 20.50-де болған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, мешіттің терезесі арқылы граната лақтырылған. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жараланды, жараланғандардың арасында мешіттің имамы - Гамет Сулейманов бар", - деп хабарлайды прокуратурадағылар.

Баку қалалық прокуратурасы жарылыс дерегі бойынша тергеу жүргізуде. Жарылысқа қатысты алдын-ала мәліметтер бүгін белгілі болмақ.

Жарылыс сәтінде мешітте 500 адам болған.