Әзербайжан аумағында кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанда құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан аумағында кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанда құрықталды

Әзербайжан аумағында кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанда құрықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы облысында Әзербайжан аумағында кісі өлтіргені үшін 10 жыл бойы іздеуде жүрген әйел ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Ақпан 2007
  • 357
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әйел 1997-жылы Әзербайжанның Баку ауданында өз күйеуін өлтірген күдікті деп танылған.

Алдын-ала тергеу барысында әйелдің 10 жыл бойы ТМД аумағында, соның ішінде Ресей мен Армения аумағында жасырынып жүргені анықталды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кейінгі екі жыл әйел Қазақстан аумағында тұрған.

Қазір ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-ның уақытша тергеу абақтысында отыр.