«Әзербайжан тарапы Каспийде бекіре аулауға Бакуде өткен саммитте қабылданғандай бес жыл емес, 10-12 жыл бойы тыйым салуды жақтайды. Өйткені Каспий бассейнінде бекіре балықтарын толық қалпына келтіру үшін 10-15 жыл қажет», — деп министр бүгін баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Ол мораторий енгізу жөнінде бастама жасаған Әзербайжан президенті Ильхам Алиев екенін айтты.