Әзербайжан бекірені аулауға тыйым салуды 10-12 жылға ұзартуды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан бекірені аулауға тыйым салуды 10-12 жылға ұзартуды ұсынуда

Әзербайжан бекірені аулауға тыйым салуды 10-12 жылға ұзартуды ұсынуда

Әзербайжан Каспий теңізінде бекіре балықтарын аулауға 10-12 жылға мораторий енгізуді жақтайды, деп Экология және табиғи ресурстар министрі Гусейнгулу Багиров мәлімдеді.

  • 27 Мамыр 2011
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Әзербайжан тарапы Каспийде бекіре аулауға Бакуде өткен саммитте қабылданғандай бес жыл емес, 10-12 жыл бойы тыйым салуды жақтайды. Өйткені Каспий бассейнінде бекіре балықтарын толық қалпына келтіру үшін 10-15 жыл қажет», — деп министр бүгін баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Ол мораторий енгізу жөнінде бастама жасаған Әзербайжан президенті Ильхам Алиев екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар