Х.Халафовтың пікірінше, Түрікменстанмен екі арадағы келіссөздер кешікпей жалғасын табады. Бұл бірінші кезекте қазір өткізіліп жатқан Қазақстан-Түрікменстан арасындағы келіссөздерге байланысты. Соның нәтижесіне қарай біз Каспийдегі өзара шекаралық түйіліс нүктесін анықтауға тиіспіз дейді Халаф Халафов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бірқатар ірі мұнай кеніштерінің иелігін анықтауға жол ашатын Каспийдегі орта сызықтың координатын анықтау әдістемесі бойынша Ашхабад пен Бакудың өзара көзқарас қайшылығынан болып келіссөздер осыдан екі жыл бұрын үзіліп қалған болатын.