Әзербайжан мен Грузия Қазақстан мен Түрікменстаннан транзитті тасымалданатын мұнай және мұнай өнімдерінің тарифін арзандатуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан мен Грузия Қазақстан мен Түрікменстаннан транзитті тасымалданатын мұнай және мұнай өнімдерінің тарифін арзандатуды жоспарлап отыр

Әзербайжан мен Грузия Қазақстан мен Түрікменстаннан транзитті тасымалданатын мұнай және мұнай өнімдерінің тарифін арзандатуды жоспарлап отыр

Әзербайжан мен Грузия Қазақстан мен Түрікменстаннан транзитті тасымалданатын мұнай және мұнай өнімдерінің тарифін арзандатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Әзербайжан көлік министрі Зия Мамедов журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Баку қаласынан.

  • 9 Наурыз 2004
  • 502
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, Каспий теңіз шаруашылығына қарасты танкерлермен және Әзербайжан мен Грузия аумағындағы терминалдар мен темір жол арқылы мұнай тасымалдау тарифі арзандатылмақшы.

«Біз жүк тасымалының барлық түрлері бойынша бір тонна жүктің бағасын тым құрыса 2 долларға арзандатуды көздеп отырмыз»,- деді З.Мамедов. Оның пікірінше, Баку-Батуми бағыты Ресей және Иран бағытымен салыстырғанда артықша бәсекелестік қабілетке ие болуы үшін Әзербайжан мен Грузия бағаны кешенді түрде арзандатуы қажет. «Осындай жағдайда ғана біз қазіргіден 2-3 есе артық көлемде жүк тасымалдай аламыз»,- деді министр.
З.Мамедовтың айтуынша, аталмыш мәселе бойынша Грузия жағымен алдын-ала мәміле жасалды. Алайда, мәселе әлі де талқылану үстінде. Сол себепті тиісті келісімге қол қойылатын нақты мерзімді министр дөп басып атай алмады.
Қазақстан мен Түрікменстанның мұнай және мұнай өнімдері танкерлермен Баку және Дюбендиге дейін, одан әрі Әзербайжан және Грузия темір жолдары арқылы Қара теңіздегі Батуми айлағына дейін тасымалданады. Бүкіл маршрут бойынша тасымалдау құны бір тоннаға 32 долларды құрайды.
Қазіргі жағдаймен Батуми терминалында бір тонна мұнай үшін 6 доллар, Баку және Дюбенди терминалында 4 доллар, Әзербайжан темір жолы бір тонна мұнай үшін 5 доллар, ал мұнай өнімдерінің түріне байланысты 6-8 доллар, Грузия темір жолы мұнайдың тоннасынан 5 доллар, мұнай өнімдерінің тоннасынан 6-7 доллар төлем алады.
Әзербайжан және Грузия аумағы арқылы жыл сайын Қазақстан мен Түрікменстаннан орта есеппен 9 млн. тонна мұнай және мұнай өнімдері тасымалданады.

Соңғы жаңалықтар