Әзербайжан мен Қазақстан президенттері телефон арқылы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан мен Қазақстан президенттері телефон арқылы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Әзербайжан мен Қазақстан президенттері телефон арқылы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

БАКУ. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше болған телефон арқылы сұхбатында екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Әзербайжан президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Мамыр 2007
  • 374
Фото - Caravan.kz

«29-мамырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан мемлекет басшысы Ильхам Әлиевке телефон арқылы хабарласты. Мемлекет басшылары екі ел арасында түрлі салалардағы, соның ішінде саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салалардағы байланыстардың табысты дамып келе жатқанына қанағаттанғандық білдіре отырып, осы байланыстар аясының болашақта да кеңейе түсетініне сенім білдірді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Екі мемлекет басшысы Әзербайжан-Қазақстан екі жақты қарым-қатынастары, аймақтық проблемалар, энергетика секторындағы ынтымақтастық пен өзара қызығушылық тудырған басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті