Әзербайжан Одесса-Броды мұнай құбырының жобасына қатыспайды , алдағы уақытта да оған бірігуге құлықсыз - Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан Одесса-Броды мұнай құбырының жобасына қатыспайды , алдағы уақытта да оған бірігуге құлықсыз - Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті

Әзербайжан Одесса-Броды мұнай құбырының жобасына қатыспайды , алдағы уақытта да оған бірігуге құлықсыз - Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті

Әзербайжан Одесса-Броды мұнай құбырының жобасына қатыспайды , алдағы уақытта да оған бірігуге құлықсыз. KZ-today тілшісі Бакуден хабарлағанындай, бұл туралы Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Натик Әлиев мәлімдеді.

  • 14 Мамыр 2004
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Украина бізге Одесса-Броды жобасына қаржы құюды ұсынып отыр. Алайда, біз Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын тарту жобасына инвестиция жұмсап отырмыз. Осындай жағдайда Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының тағы бір құбырға қосылуы тиімсіз»,- деді мемлекеттік мұнай компаниясының президенті.

Н.Әлиевтің айтуынша, Әзербайжан өз мұнайын Қара теңіздегі айлақтарға дейін жеткізеді. Ал оның одан әрі әлемдік нарыққа қандай жолмен шығатындығы «Әзербайжанды қызықтырмайды».
Мемлекеттік мұнай компаниясы президентінің пікірінше, Одесса-Броды жобасы саяси себептермен емес, экономикалық көрсеткіштерімен қызықтыруы тиіс.
«Бұл жоба саяси ықтиярлық жолымен жүзеге асырылуға тиіс емес. Айталық, екі миллион тонна мұнай тасымалдау туралы үкіметаралық келісімге қол қоялық оның орнына. Белгілі бір мөлшерді қамтамасыз ету туралы міндеттеме жүктеп алудың қажеті қанша?»,- деді Н.Әлиев.
Дегенмен, мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Әзербайжанның Одесса-Броды мұнай құбыры үшін транзиттік дәліз құруға әзір екенін мәлімдеді. «Егер, Қазақстан немесе Түрікменстан секілді әлдебір тарап түрлі мүддеге байланысты өз мұнайын Одесса-Броды бағытында тасымалдауға құлық танытып жатса, біз оған барлық жағдай жасаймыз»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясына Одесса-Броды мұнай құбырын басқаруға атсалысуды ұсынған Украина Одесса-Броды мұнай құбырын толтыру үшін 500 мың тонна мұнай беріп, төлемін 2 жылдан кейін өтеуді сұрады.
«Одесса-Броды» мұнай тасымалы жүйесінің бірінші кезегі 2002-жылдың мамыр айында пайдалануға берілген. Құбыр жылына 9-14,5 млн. тонна мұнай өткізгіштік қабілетіне ие, резервуарлар қоры 200 мың текше метрді құрайды. Теңіздегі «Южный» мұнай терминалы жүк көтерімділік қабілеті 100 мың тоннаға дейін жететін танкерлерді қабылдай алады. Резервуарлар қорын 600 мың текше метрге дейін жеткізу арқылы мұнай құбырының қуатын жылына 40-45 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Украина министрлер кабинеті 2004-жылдың 4-ақпанында «Одесса-Броды» мұнай құбырын тура бағытта пайдалану туралы шешім қабылдады. Бұл шешім аясында үкімет арнайы жұмыс тобын құрады. Ол мұнай құбырын мұнай қожайындарымен бірлесе пайдалану мәселесін шешеді.
Аталмыш мұнай құбырымен биылдың өзінде 4-5 млн. тонна Каспий мұнайын тасымалдау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар