Атап айтсақ, мемлекет басшылары қол қойған мынадай құжаттар бекітілді : Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік және достық байланыс туралы декларация; әскери саладағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық келісімі; үкіметаралық байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; екі ел үкіметтері арасындағы мәдениет, ғылым және туризм саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді. Сондай-ақ, ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім мен ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісім де күшіне енді.