Caravan Logo

Әзербайжан парламенті осы ел президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған бірқатар келісімдерді бекітті

Әзербайжан парламенті осы ел президентінің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған бірқатар келісімдерді бекітті

Атап айтсақ, мемлекет басшылары қол қойған мынадай құжаттар бекітілді : Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік және достық байланыс туралы декларация; әскери саладағы ынтымақтастық туралы Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық келісімі; үкіметаралық байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; екі ел үкіметтері арасындағы мәдениет, ғылым және туризм саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағдарламасы бекітілді. Сондай-ақ, ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім мен ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісім де күшіне енді.