Әзербайжан президенті бұрынғы ел президенті Гейдар Әлиевтің қайтыс болуына байланысты жеті күндік қаралы күн жариялау туралы жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан президенті бұрынғы ел президенті Гейдар Әлиевтің қайтыс болуына байланысты жеті күндік қаралы күн жариялау туралы жарлыққа қол қойды

Әзербайжан президенті бұрынғы ел президенті Гейдар Әлиевтің қайтыс болуына байланысты жеті күндік қаралы күн жариялау туралы жарлыққа қол қойды

Бүгін, 13-желтоқсанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бұрынғы ел президенті Гейдар Әлиевтің қайтыс болуына байланысты жеті күндік қаралы күн жариялау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 13 Желтоқсан 2003
  • 517
Фото - Caravan.kz

Жұма күні АҚШ-тың Огайо штатындағы Кливленд қаласы ауруханасында қайтыс болған Гейдар Әлиевтің мүрдесі 14-желтоқсан, жексенбіде Бакуге жеткізіледі. Ал бұрынғы президент дүйсенбі күні Әзербайжан астанасындағы құрметті адамдардың бейіттері орналасқан Аллеяда жерленеді деп күтілуде.

Г.Әлиев 6-тамызда күрделі жүрек ақауы және бүйрек ауруы деген диагнозбен Кливленд клиникасына жатқызылған болатын. Г.Әлиев жұма күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10-да (Мәскеу уақытымен сағат 18-де) көз жұмды. Ол 80 жаста болатын.

Соңғы жаңалықтар