Әзербайжан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Әзербайжан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 65 жылдық мерейтойына орай құттықта жолдап жіділхат жіберді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әзербайжан президнтінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Шiлде 2005
  • 498
Фото - Caravan.kz

«Сіздің бірізді әрі көреген саясатыңыздың арқасында Қазақстан мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуда, қоғам өмірінің барлық салаларында демократиялық реформалар жасауда, халықаралық сахнада республиканың беделі мен позициясын нығайтуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді»,- делінген жеделхатта.

Әзербайжан президенті Қазақстан жетекшісінің екі ел арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды дамыта нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
«Мемлекетаралық қарым-қатынастар аясын кеңейтуге бағытталған біздің талпыныстарымыз бен ауқымды трансұлттық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған етене жақын ынтымақтастығымыз, аймақтық және халықаралық құрылымдарда бір-бірімізге көрсететін қолдау-көмегіміз екі ел халқының әл-ауқатын одан әрі көтеруге, аймақтағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен ілгерілеушілік істеріне бұдан былай да түрткі болады деп сенемін»,- деп атап өткен Әжербайжан президенті Н.Назарбаев пен оның отбасына зор денсаулық және бақыт тіледі.

Перейти к новостям спорта