Әзербайжан Қазақстаннан импорталатын тауарлар көлемін 70 процентке арттырды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан Қазақстаннан импорталатын тауарлар көлемін 70 процентке арттырды

Әзербайжан Қазақстаннан импорталатын тауарлар көлемін 70 процентке арттырды

Бұрынғы жылдармен салыстырғанда 2004-жылы Қазақстаннан Әзербайжанға әкелінген тауарлар көлемі 70,7 процентке артты, ал керісінше, Әзербайжаннан Қазақстанға шығарылатын экспорт 7,1 процентке кеміді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әзербайжан Республикасының мемлекеттік статистикалық комитетінен хабарлады.

  • 24 Ақпан 2005
  • 464
Фото - Caravan.kz

Комитеттің хабарлауынша, Әзербайжанның ТМД елдерімен жалпы сыртқы сауда -саттығы аясында Қазақстан импорт бойынша Ресейден кейінгі екінші, ал экспорт бойынша алтыншы орынды иемденеді. Соңғы көрсеткіш бойынша Қазақстан Беларусь, Қырғызстан, Молдова және Өзбекстаннан алда келеді.

2004-жыл қорытындысына сәйкес Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 246,1 млн. долларды құрады. Оның 9,4 млн. доллары Әзербайжан экспортының, 236,7 млн. доллары импорттың үлесінде. Сыртқы сауда айналымының кері сальдосы 227,3 млн. доллар болды.
Әзербайжан елімізден табиғи газ, астық, электр есептегіш құралдар, металл құймалары, картоп, пияз, қатырылған балық, бидай ұны, барит, гранит, асбест, күкірт қышқылы, полимер материалдар, кітап өнімдері, киім-кешек пен басқа да тауар түрлерін импорттайды.
Қазақстанға шығарылатын экспорт құрылымында Әзербайжанның мұнай өнімдері, соның ішінде реактивті және дизельдік отын, түрлі майлар, сондай-ақ, ауылшаруашылығы мен химия өнеркәсібінің өнімдері, қара металл өнімдері, түрлі көлік құралдары мен жиҺаз бар.

Перейти к новостям спорта