Әзербайжан Республикасы президентінің сайлауына бақылау жасаған халықаралық бақылаушылар құрамында Қазақстан өкілдері де бар
Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан Республикасы президентінің сайлауына бақылаушы ретінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мүшелері қатысты. Әзербайжанның мемлекет басшысын сайлауға бақылау жасаған халықаралық бақылаушылар құрамында мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин бар, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТМД ПАА-ның бақылаушылар тобы құрамына ТМД елдері парламенттерінің 33 депутаты мен сарапшы-өкілдері енген. Бақылаушылар делегациясының жетекшісі - Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федералдық Кеңесі төрағасының орынбасары Светлана Орлова.
Айта кету керек, Әзербайжан Республикасының президенті жалпы ашық және құпия дауыс беру нәтижесінде 5 жылға сайланады. 2003 жылғы қазанның 15-і күні Ильхам Әлиев Әзербайжан Республикасының президенті болып сайланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін