ТМД ПАА-ның бақылаушылар тобы құрамына ТМД елдері парламенттерінің 33 депутаты мен сарапшы-өкілдері енген. Бақылаушылар делегациясының жетекшісі — Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федералдық Кеңесі төрағасының орынбасары Светлана Орлова.
Айта кету керек, Әзербайжан Республикасының президенті жалпы ашық және құпия дауыс беру нәтижесінде 5 жылға сайланады. 2003 жылғы қазанның 15-і күні Ильхам Әлиев Әзербайжан Республикасының президенті болып сайланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті