Әзербайжан үкіметінде Қазақстан мұнайын осы елдің аумағы арқылы тасымалдау мәселелерін шешу жөніндегі комиссия құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан үкіметінде  Қазақстан мұнайын осы елдің аумағы арқылы тасымалдау мәселелерін шешу жөніндегі комиссия құрылды

Әзербайжан үкіметінде Қазақстан мұнайын осы елдің аумағы арқылы тасымалдау мәселелерін шешу жөніндегі комиссия құрылды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан мұнайын осы елдің аумағы арқылы тасымалдау мәселелерін дәйектеуге қатысты кейбір шаралар туралы бұйрыққа қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2005
  • 424
Фото - Caravan.kz



Бұйрық бойынша президент Қазақстан мұнайын Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау мәселелерін шешу үшін вице-премьер Абид Шарифовтың басқаруымен комиссия құруды міндеттеді.
Комиссия құрамына Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Натик Әлиев (комиссия төрағасының орынбасары), мемлекеттік мұнай қорының жетекшісі, сондай-ақ, СІМ, экономикалық даму, әділет, көлік, қаржы, салық, экология және табиғи қор министрліктерінің өкілдері (әрбір мекемеден министрдің орынбасары деңгейіндегі бір өкілден), бұған қоса мемлекеттік кеден комитеті мен Каспий теңіз шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасарлары мен Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының шетелдік инвестициялар басқармасы бастығының орынбасары енген.
Комиссияға Қазақстан мұнайын Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау мәселелерін дәйектеуге қатысты шараларды қолдануға және тиісті келісімдердің жобасын дайындаған соң оларды ел президентінің қарауына ұсыну тапсырылды.
Бұған дейін Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Натик Әлиев Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбыры жобасына біріктіру жөніндегі үкіметаралық келісімнің жобасын жасап жатқан Қазақстан-Әзербайжан жұмыс топтары арасындағы келіссөздердің соңғы раунды 21-23- қыркүйекте Астанада өтеді, деп мәлімдеген болатын.
Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау жөніндегі келіссөздер Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы мен «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ арасында 2002-жылдың қараша айында басталған. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық келісім жаңадан Ақтау-Баку жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйенің мұнай тасымалдау қуаты жылына 20 млн. тоннаны құрайды, алайда алғашқы кезеңде 7,54 мың тоннаға дейін мұнай тасымалданады деп күтілуде. Инвестиция көлемі үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін анықталады. Жаңа жүйе Қашаған кенішінен алғашқы мұнай тасымалдана бастайтын мерзімге дейін саланып бітеді.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта