Әзербайжанда астық терминалын салуға арналған Қазақстанмен бірлескен жобаны жүзеге асыру үшін 10 млн. доллар инвестиция қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда астық терминалын салуға арналған Қазақстанмен бірлескен жобаны жүзеге асыру үшін 10 млн. доллар инвестиция қажет

Әзербайжанда астық терминалын салуға арналған Қазақстанмен бірлескен жобаны жүзеге асыру үшін 10 млн. доллар инвестиция қажет

Әзербайжанда астық терминалын салуға арналған Қазақстанмен бірлескен жобаны жүзеге асыру үшін 10 млн. доллар инвестиция қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшісі Андар Шоқпытов журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Тамыз 2005
  • 352
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жобаның техника-экономикалық негіздемесі қазір дайын. Жобаны бірлесе жүзеге асыру мәселесін бүгінде Әзербайжан үкіметі мен «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ қарастырып жатыр. Корпорация Қазақстан жағынан оператор ретінде таңдалғаны мәлім.

Терминал 300 мың тонна астық өткізе алады деп есептелген.
«Қазір Әзербайжандық кәсіпкерлер Қазақстандағы ұсақ астық өсірушілерді өз беттерімен іздеп тауып, жеке келісім-шарттарына қол қойып іске асыруда. Бұл жерде шекара , кеден секілді қиындықтар туындайтыны рас. Ал астық терминалы салынған жағдайда астық сатып алу шарасы біршама жеңілдеп, оны Бакуде сатып алуға мүмкіндік туындайды»,- деді А.Шоқпытов.
Оның айтуынша, терминал құрылысы алдағы жылы салына бастайды. Ал «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ қыркүйек айының алғашқы жартысында Бакуде Қазақстан астығының тұсаукесерін өткізуді межелеп отыр.
Әзербайжан мемлекеттік статистикалық комитетінің мәліметіне сәйкес, 2004-жылы елге Қазақстаннан 429,9 мың тонна астық импортталды. Әзербайжанның астыққа деген жылдық сұранысы 3 млн. тоннаны құрайды. Оның 1 млн. тоннадан астамы импортталады.

Перейти к новостям спорта