Көрменің ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Андар Шоқпытов еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктеріне тоқталып, тұрақтылық, ұлтаралық келісім төңірегінде әңгіме қозғады. Атап айтқанда, алдағы президент сайлауына дайындық барысы түсіндірілді.
Әзербайжан жағынан сөз алған профессор Гүнайдын екі халық арасындағы тарихи тамырластық пен бүгінгі байланыстарды тілге тиек етті.
Көрмеге келгендер Қазақстанның өркендеу мен өрлеу үстіндегі қазіргі жағдайына куә болып, қызығушылықтарын жасырмады.