Осылайша қаза болғандар саны 7 адамға жетті, деп хабарлады 24.kz.
Марқұмдардың денесін Төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы оқиға орнынан 60-70 шақырым қашықтықтан тапқан. Ал табылмаған 23 жан әлі күнге жоғалғандар санатында. Десе де осыған дейін тағы бір кісінің қаза тапқаны туралы айтылған болатын. Құтқарушылар оның денесін теңізден тауып алған-мыс. Алайда бұл ақпарат әлі расталған жоқ. Жоғалғандарды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.