Әзербайжанда оппозициялық көзқарастағы журналиске елден шығуға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда оппозициялық көзқарастағы журналиске елден шығуға тыйым салынды

Әзербайжанда оппозициялық көзқарастағы журналиске елден шығуға тыйым салынды

Әзербайжанның Бас прокуратурасы танымал билік сыншысы, журналист Хадиджа Исмаиловаға елден шығуға тыйым салды, деп хабарлады ВВС. 

  • 13 Қазан 2014
  • 291
Фото - Caravan.kz


Х.Исмаилова «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Чехияда өтетін халықаралық конференцияға кетіп бара жатқанда шекарада ұсталғанын хабарлады. 

Хадиджа Исмаилова «Азат Еуропа» радиосының әзербайжандық қызметімен байланыста. Ол бұған дейін де 4 қазан күні Баку аэропортында Страсбургте өткен Еуропа кеңесінің Парламенттің ассамблеясынан келе жатқанда ұсталған болатын.