Әзербайжанда президент сайлауының алғашқы қорытындысы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжанда президент сайлауының алғашқы қорытындысы жарияланды

Әзербайжанда президент сайлауының алғашқы қорытындысы жарияланды

Әзербайжанда президент сайлауының алғашқы қорытындысы жарияланды,- деп хабарлайды жаңалықтарға арналған сайттар.

  • 16 Қазан 2003
  • 537
Фото - Caravan.kz

Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, қазіргі жағдаймен Ильхам Әлиев алда келеді. Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, ол үшін сайлаушылардың 80 проценттен астамы дауыс берген . Ал «Мөлдір сайлау» мониторинг орталығы сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша (exit-polls мәліметтері бойынша) И.Әлиев үшін сайлаушылардың 69,4 проценті дауыс берген.

Ал И.Әлиевтің басты қарсыласы — «Мусават» партиясының жетекшісі Иса Гамбар 9 процентке жуық дауыс жинаған. Ал лидерлер тізіміндегі үшінші орынды 3 проценттей дауыс жинаған Лала Гаджиева иемденді. Басқа кандидаттардың барлығы да 1 процент шамасында дауысқа ие болды.
Ал президент сайлауына келгендердің жалпы саны 71 проценттік рекордтық көрсеткішті құрады.
Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панаховтың айтуынша, «Әзербайжан қоғамы, біз күткендей, осынау тарихи оқиғаға үлкен жауапкершілікпен қарады «.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, сайлау барысында үлкен заң бұзушылықтарға жол берілген жоқ, ал орын алған азын-аулақ ауытқулар дауыс берудің жалпы қорытындысына әсер ете алмайды.
Соған қарамастан, Әзербайжанның оппозициялық партиялары мен қозғалыстары бүгін түнде сайлаудың өрескел заң бұзушылық ахуалда өткендігі, және оппозицияның басты үміткері И.Гамбар 70 процент дауыс жинап сенімді түрде жеңіске жеткендігі туралы мәлімдеме жасады.
Түнде Бакуде «Мусават» партиясының жақтастары мен полиция арасында қақтығыс болды. «Мусават» партиясының белсенділері партияның штаб-пәтері алдындағы митингтен кейін полицейлер құрған бөгетті бұзып өтуге талпыныс жасады. Қолдарына таяқ ұстаған митингішілер мен полицейлер арасындағы қақтығыстан екі жақта да зардап шеккендер бар.

Соңғы жаңалықтар