Әзербайжаннан басқа Каспий маңындағы барлық мемлекеттер үшін бекіре тұқымдас балықтар аулау және қара уылдырық экспорттауға арналған 2004-жылғы квота 2003-жылғы деңгейде сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжаннан басқа Каспий маңындағы барлық мемлекеттер үшін бекіре тұқымдас балықтар аулау және қара уылдырық экспорттауға арналған 2004-жылғы квота 2003-жылғы деңгейде сақталады

Әзербайжаннан басқа Каспий маңындағы барлық мемлекеттер үшін бекіре тұқымдас балықтар аулау және қара уылдырық экспорттауға арналған 2004-жылғы квота 2003-жылғы деңгейде сақталады

Бекіре тұқымдас балықтар аулауға Әзербайжанға берілген 2004-жылғы квота былтырғы квота мөлшерімен (104 тонна) салыстырғанда 5 тоннаға арттырылды. Ал Каспий маңындағы басқа барлық мемлекеттер үшін бекіре тұқымдас балықтар аулау және қара уылдырық экспорттауға арналған 2004-жылғы квота 2003-жылғы деңгейде сақталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әзербайжанның экология және табиғи ресурстар жөніндегі министрлігінің балық өсіру департаментінен хабарлады.

  • 24 Наурыз 2004
  • 799
Фото - Caravan.kz

CITES комитеті (Өсімдік және хайуанаттар дүниесінің сирек кездесетін түрлері бойынша халықаралық сауда-саттық туралы БҰҰ конвенциясы) Каспий теңізінің судағы биоресурстар жөніндегі Комиссиясына теңіздегі балық қорына біртұтас әдістеме бойынша мониторинг жүргізіп, сол мәліметтер негізінде балық аулауға ортақ квотаны айқындау, теңізді қоршай орналасқан елдерге оны бірдей бөлу туралы нұсқау берген. Алайда, Каспийдегі балық қорына мониторинг жүргізу жөніндегі жаңа әдістемені сол маңдағы төрт мемлекет қана қолданды. Әдістемені қабылдаудан бас тартқан Иран квота мөлшерін бұрынғы нобаймен анықтады. Квота мөлшерін белгілеу үшін әрбір мемлекет өз қарамағындағы сектор бойынша балық қорына, жем базасына, балық қорын қалпына келтіру мүмкіндіктеріне қатысты жеке есептерін ортаға салады. Каспий теңізіндегі жалпы балық қоры соның негізінде анықталып, әрбір елдің үлесіне тиетін бекіре тұқымдас балықтар аулауға арналған квота мөлшері соның негізінде белгіленеді. Иран жағы жаңа әдістемені қабылдаудан бас тартуына байланысты CITES комитеті Каспийді қоршай орналасқан елдерге квота мөлшерін өткен жылғы деңгейде қалдыру туралы нұсқау берді. Судағы биоресурстар жөніндегі Комиссияның 21-отырысында осындай квота мөлшері аздаған өзгертулермен бекітілді.

Әзербайжандық өкілдердің тақауырымен осы елге бөлінген квота мөлшері өткен жылғымен салыстырғанда 5 тоннаға арттырылды. Тек бекіре тұқымдас балықтар аулауға бөлінген квотаның бұл бөлігі Нефтчал қаласындағы жуырда ғана пайдалануға берілген балық өсіретін зауытқа арналып отыр.
Сөйтіп, Әзербайжан 2004-жылғы квота бойынша 109 тонна бекіре тұқымдас балықтар аулап, 9,2 тонна қара уылдырық экспорттай алады. Соның ішінде бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға бөлінген жалпы квотаның 94 тоннасы коммерциялық аулауға арналса, ғылыми және балық өсіру мақсатына арналған квота мөлшері 15 тоннаға тең.
Ал Каспий маңындағы басқа барлық мемлекеттерге арналған 2004-жылғы квота 2003-жылғы деңгейде қалды. Атап айтсақ, Қазақстанға бекіре тұқымдас балықтар аулауға 216 тонна, қара уылдырық экспорттауға 23,18 тонна, Ресейге бекіре тұқымдас балықтар аулауға 429 тонна, қара уылдырық экспорттауға 30,3 тонна, Түрікменстанға бекіре тұқымдас балықтар аулауға 56,25 тонна, қара уылдырық экспорттауға 5,85 тонна, Иранға бекіре тұқымдас балықтар аулауға 676,4 тонна, қара уылдырық экспорттауға 78,8 тонна мөлшерінде квота бөлінді.
Белгіленген процедураға сәйкес, Каспий теңізінің судағы биоресурстар жөніндегі Комиссиясының 21-отырысында келісілген 2004-жылғы квотаны CITES комитеті бекітуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар