Келесі жылдың мемлекеттік бюджет кірісі 5 млрд. 335,7 млн. манат($116,8 млн. ағымдағы доллар бағамы бойынша $1=0,8723 манат) , ал шығыс -5 млрд. 714,7 млн.манат ($1=08723 манат) көлемінде белгіленді.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 379 млн.манат немесе ІЖӨ шаққанда 1,7% болады деп күтілуде. Оны жекешелендіруден (50млн.манат), ел ішінде және шетелде мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен(329млн. манат) қаражат есебінен жабу жоспарда бар.
2007 жылы зейнетақыны, әлеуметтік жәрдемақыны, жалақыны, мемлекеттік қызметкерлердің айлықтарын көтеру жоспарланып отыр, ол үшін 676,5 млн. манат қарастырылған. Алдағы жылдың бюджет аясында ең төменгі жалақыны және зейнетақының негізгі бөлігін 50 манатқа дейін жеткізу көзделген.
Қорғанысқа жұмсалатын қаражат көлемі 27,9%-906,5млн. манатқа дейін ұлғайтылады.
Келесі жылдың ел бюджеті мұнай бағасының бір баррелі үшін $50 болуына орайластырылып жасалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті