Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне компаниядан хабарлады.
Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясының ақпараттарына сүйенсек, экспорт құрылымындағы дизель отынының үлесі 118,516 мың тонна, авиакеросин — 19,845 мың тонна, автокөлік жанармайы — 2,180 мың тонна, алғашқы сатылы өңделген жанармай — 0,059 мың тоннаны құраған.
Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының ақпараттарына сүйенсек, қаңтарда автокөлік жанармайының сатылымы 482,08 АҚШ долларын (2006 жылы желтоқсанда — 548,58 АҚШ доллары), авиакеросин — 541,88 АҚШ долларын (605,5 АҚШ доллары), дизель отыны — 482,72 АҚШ долларын (546,95), ал мазут — 229,28 АҚШ долларын (254,38) құраған.
Әзербайжанда барлығы екі мұнай өңдеу зауыты бар. «Азернефтяг» пен Гейдар Алиевтің атындағы Бакинск мұнай өңдеу зауыттарының біріккен мұнай өңдеу қуаты жылына 22 млн тонна. Екеуі де Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясының құрамына кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті