Бұл туарлы Caravan.kz медиа порталы inform.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды,
Қазақстандық дипломат екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейі мен динамикасын атап өтті. Елші емдік туризм мақсатында Әзербайжанға келетін қазақстандықтар санының жыл сайын артып келе жатқанына, Әзербайжан азаматтарының Қазақстанның медициналық оқу орындарында табысты білім алып жатқанына назар аударды.
Әзербайжандық министр екі ел арасында денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды дамыту үшін үлкен әлеуеттің бар екендігін атап өтті. Теймур Мусаев елдеріміз дәрі-дәрмектерді өндіру бойынша бірлесіп жұмыс істей алар еді деген пікірін айтты. Сонымен қатар министр медициналық мекемелерді аккредитациялау және сапасын бақылау саласындағы қазақстандық табысты тәжірибені зерделеуге және Әзербайжанда енгізуге қызығушылық білдірді.
Елші Әлім Байел қазақстандық компаниялардың Әзербайжанда, оның ішінде Қарабақта медициналық нысандардың құрылысына атсалысуға дайын екенін мәлімдеді. Министр бұл бастаманы оң қабылдап, осы бағытта ынтымақтастық жасауға дайын екенін жеткізді.
Кездесу барысында Теймур Мұсаев Әзербайжанның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі елдер коалициясын құру туралы бастаманы қолдайтынын атап өтті. Медицина саласын халықарылық деңгейде дамытуға бағытталған бұл бастаманы Мемлекет басшысы 2023 жылғы 23 қазанда өткен Алматы декларациясының 45 жылдығына және Астана декларациясының 5 жылдығына арналған жаһандық конференция барысында ұсынған болатын.