Әзербайжан президенті апатқа ұшыраған ұшақ бортсеріктерін марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 525.11
  • 546.74
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан президенті апатқа ұшыраған ұшақ бортсеріктерін марапаттады

Әзербайжан президенті апатқа ұшыраған ұшақ бортсеріктерін марапаттады

Әзербайжанда осы орденмен марапатталғандардың жалпы саны жеті адамға жетті.

  • 31 Желтоқсан 2024
  • 11
Фото: yaplakal.com

29 желтоқсан күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «Әзербайжан әуе жолдары» компаниясының Баку-Грозный рейсін орындаған Embaer 190 жолаушылар ұшағының апатында жоғары кәсібилік пен ерлік танытқан адамдарды марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

1-дәрежелі «Рашадат» ордені аман қалған экипаж мүшелері Зульфугар Асадов және Айдана Рагимлиге берілді.

Qafqazinfo мәліметінше, Әзербайжанда осы орденмен марапатталғандардың саны жеті адамға жетті. Айдана Рагимли алғаш рет «Рашадат» орденін алған әйел ретінде тарихқа енді.

«Рашадат» ордені Әзербайжан мемлекетінің жоғары әскери наградаларының бірі. Ол ерекше ерлік, батырлық және әскери қызметтегі жоғары жетістіктер үшін беріледі. Сондай-ақ ұлт пен мемлекеттің қауіпсіздігін және егемендігін қорғаған адамдардың еңбегін тану үшін беріледі. Орден Президенттің арнайы жарлығы арқылы тағайындалады.

Бұдан бөлек Хёкума Әлиева Әзербайжанның ұлттық батыры атағын алған үшінші әйел болды.

Жарлықта Ресейдің әуе кеңістігінде сыртқы физикалық және техникалық әсерге ұшыраған ұшақтың экипажы басқарудан айырылып, Ақтауға бағытталғаны атап өтілді. Осыған қарамастан, ұшақ апатты жағдайда қонса да, ұшқыштар мен стюардессалардың жоғары кәсібилігі, батылдығы мен қайсарлығының арқасында жолаушылардың жартысы аман қалды делінген.