Ә.Жақсыбеков: Құрылыс алаңдарындағы мәселелерді құрылыс компаниялары шешуі керек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә.Жақсыбеков: Құрылыс алаңдарындағы мәселелерді құрылыс компаниялары шешуі керек

Ә.Жақсыбеков: Құрылыс алаңдарындағы мәселелерді құрылыс компаниялары шешуі керек

Бүгін Астана әкімдігінде өткен кезекті аппарат жиынында елордада өтетін

  • 5 Қазан 2015
  • 288
Фото - Caravan.kz


ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, қала инфрақұрылымының тиісті жол белгілерімен қамтамасыз етілуі қарастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Бүгінде елорда жолдарында 24 мың мекенжай тақталарының 753-і ғана үш тілде көрсетілген. Аудандарға бұл жұмысты жеделдету, сондай-ақ қала бойынша ақпараттық тақталар мен жол жүру бағытын көрсететін белгілерді орнату тапсырылды.
Елорданың туристік тартымдылығын ескере отырып, сувенирлік және имидждік өнімдердің шығарылуы артады. Дегенмен, бұл сала айтарлықтай дамымаған. Елорда әкімінің айтуынша, сувенирлік өнімдерді шығаратын компаниялармен жұмысты реттеп, Астана бренді мен ЭКСПО белгісін тауарларда көрсетуге назар аудару қажет.
Бүгінгі таңда құрылыс саласындағы еңбек шарттары өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Құрылыс нысандарының көбі қосалқы мердігерлік мекемелердің күшімен салынатындықтан, құрылыс алаңдарында жоғары және орта біліктілігі бар жұмыскерлер саны үштен бір бөлігін де құрамайды. Көбі құрылыс алаңдарында ғана тәжірибе жинақтай бастайды. Соның салдарынан қайғылы оқиғалар орын алып, атқарылған жұмыс сапасы төмен болады, сондай-ақ әлеуметтік қарбаластық пен түрлі шиеленістер көп кездеседі. 
«Бұл мәселемен айналысу қажет. Құрылыс компанияларының басшылары өндірістік жарақаттану мен жұмыс барысындағы шиеленістерді шешуі керек. Кәсіпкерлер палатасының аясына қаладағы барлық құрылыс мекемелерін жинап, бүгінде мемлекеттік билік органдарын және еңбек ұжымын толғандыратын мәселелерді көтеру керек», — деген елорда басшысы осы саладағы олқылықтарды жою бойынша Кәсіпкерлер палатасы мен қала әкімдігінің арасында меморандумға қол қоюға ұсыныс жасады.
Қаланың санитарлық жағдайы да назардан тыс қалмады. Аппарат жиналысында айтылғандай, жасалған ескертулерге қатысты тиісті шаралар уақытылы орындалмайды, кейбір басқармалар келіп түскен өтініштермен мүлдем айналыспайды. Басқарма басшыларына осы мәселеге жауапкершілікпен қарау тапсырылды. 
Сондай-ақ жиында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өткізілетін ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне тағы да оң баға берілді. Осыған орай әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар санатына көмек көрсету және қаланың жеке бөліктерінде коммуналдық сауда орындарын ашу мәселелерін қарастыру көзделді. Сонымен қатар Астанада мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар