Алагөзованың сөзінше, ол жиендеріне дұрыс «апа» да болып көрмепті, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
Бұл туралы ойын продюсер желідегі парақшасында мәлім етті.
«Мен өз немерелерім үшін керемет әже емес шығармын, себебі шынымен «әже» емеспін. Жалпы кез келген әйел үшін «әже» сөзін кім ойлап тапты өзі?! Мәселен, үлкен немерем үшін мен – Баяшамын, маған солай ыңғайлы. Әже де, Апа да емеспін. Көп ойландым, мен үшін ең дұрысы осы ма дедім. Сөйтіп Баяшаға тоқталдым. Сіздерге бұл қалай?», — деп жазды ол.
Оқырмандар продюсердің осы жазбаны жазғаны сол еді, олар оны жаппай сынай жөнелді.
«Бұл сөзге жеткенде, жетпегенде бар? Қазақтың апа, әжесіне не жетсін?», «Қатырасыз? Баяшаңыз не?», «Солай айтса кемпір болып қалмайсыз, қызық екен, туған немерең атыңмен атап тұрған» деп сынның астына алды олар.