"Әжем біздің қазақша сөйлегенімізге көршілерінен ыңғайсызданып бізге орысша үйрететін" - Жазира Байырбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әжем біздің қазақша сөйлегенімізге көршілерінен ыңғайсызданып бізге орысша үйрететін" - Жазира Байырбекова

"Әжем біздің қазақша сөйлегенімізге көршілерінен ыңғайсызданып бізге орысша үйрететін" - Жазира Байырбекова

Әнші Жазира Байырбекова қазақ тілі туралы сөз қозғап, өмірінде болған бұрынғы кезін еске салды.

  • 7 Маусым 2022
  • 1452
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Менің анам да Алматы қаласында туып өскен орыс тілді қыз болған.Әкеме тұрмысқа шығып,ауылда қалып таза қазақ тілді ана болды.
Бала күнімізде Алматыға Нағашы әжемнің үйіне қыдырып келгенде әжем біздің қазақша сөйлегенімізге көршілерінен,автобустағы халықтан ыңғайсызданып,бізге орысша үйретіп әуреленетін.

Аллаға шүкір!
Ол кезге қарағанда қазір ана тілімізге деген құрмет бар.

Әлі де қазақтың бәрі қазақша сөйлей алмай жүргеніне халық кінәлі емес
ӨКІМЕТ кінәлі", — деп жазды Жазира Байырбекова.