"Әжесін неге құттықтамайды": 8 наурызбен аналарын ғана құттықтаған Қайрат Нұртастың ұлдары жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әжесін неге құттықтамайды": 8 наурызбен аналарын ғана құттықтаған Қайрат Нұртастың ұлдары жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

"Әжесін неге құттықтамайды": 8 наурызбен аналарын ғана құттықтаған Қайрат Нұртастың ұлдары жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова парақшасына ұлдарының 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен өзін құттықтаған ұлдарының видеосын жариялады.

  • 9 Наурыз 2022
  • 11138
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Жұлдыз Әбдікәрімованың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұлдызды жұптың үлкен ұлы Нарұл "Анашым, сізді 8 наурызбен құттықтаймын! Ауырмаңыз ұзақ болсын, әдемі болыңыз, қартаймаңыз", — деп анасына жылы лебізін білдірді.

Ал кіші ұлы Хан анасын орыс тілінде құттықтады.

"Сені 8 наурызбен құттықтаймын! Саған бар жақсылықты тілеймін! Сен әлемдегі ең ғажап анасың!", — деп құттықтады Хан

Желі оқырмандарына танымал жұптардың ұлдары тек анасын құттықтағаны жақпай қалды.

"Атаңа не істесең алдыңа сол келеді. Ертең немерең өз анасын құттықтап, сені атамаса сол кезде есіңе түседі. Ол да кеш емес.", "Гүлзира әже, Бекзада әже деп құттықтаса да артық болмас еді. Балаға айтып отыру керек", "Гүлзира әжеңді неге құттықтамадың", "Жұлдыз сондай ақылдысың. Бірақ, неге апасын да қосып айтпайды?", — деп пікірлерін білдірді желі оқырмандары.