Байқауға 200-ге жуық жас орындаушылардан өтінім келіп түскен. Республикамыздағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектептерімен қатар, Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы Глиэр атындағы дарынды балаларға арналған арнаулы музыка мектебінің оқушыларымен Успенский атындағы дарынды балаларға арналған арнаулы музыка мектебінің оқушылары жалпы саны 163 бала келді.
Байқаудың қазылар алқасы қатарында Германия, Словакия, Өзбекстан мен еліміздегі орта және жоғарғы арнайы музыкалық білім беретін оқу орындарының ұстаздары мен танымал өнер қайраткерлері бар.
Жабылу салтанатында жеті күн бойы өз өнерлерін көрсетіп оза шапқан жас орындаушылар марапатталады. Соңынан әр номинация бойынша бас жүлдемен 1 орын лауреат атағын жеңіп алған жеңімпаздардың гала-концертімен жалғасады, делінген хабарламада.