“Ажырасар кезде көп қорқынышым болды”: Алғашқы некесі сәтсіз болған Маржан Арапбаева әйелдерге ақыл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.16
  • 588.48
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ажырасар кезде көп қорқынышым болды”:  Алғашқы некесі сәтсіз болған Маржан Арапбаева әйелдерге ақыл айтты

“Ажырасар кезде көп қорқынышым болды”: Алғашқы некесі сәтсіз болған Маржан Арапбаева әйелдерге ақыл айтты

Маржан Арапбаева ажырасқан кезін еске алды.

  • 8 Сәуiр
  • 129
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында алғашқы некесінің сәтсіз болғанын айтып, ажырасқан әйелдерге кеңес берді.

”Жасыратын түгі жоқ, ажырасу өз басымнан өтті. Өте көп қорқыныштар болды. Мен қазір кетсем кімге керекпін, балама кім әке болады, қандай адам кезігеді, ендігі кездескен бұдан бетер жаман бола ма екен, ел не дейді деген қорқыныштар болды. Өз өзіңе сенімсіздік деуге болады. Мен бұл мәселемді анама, бауырларыма да айтпағанмын. Мен қазір оны жамандасам, кейін қайта қосылып жатсақ та абыройымыз болмайды деп ойладым. Өзім шешуге тырысатынмын. Сол себепті мен ондай жағдайдағы әйелдерді жақсы түсінемін. Өзіңізші ойлаңызшы, мен танылып келе жатқан әнші болдым. Мансабым жақсы, баспана мәселе болған жоқ, филармониядан үй алдым. Жалақым бар, астымда көлігім бар. Сөйте тұра, менде қорқыныш болды. Ал, көп әйелдер мүлде жұмыс істемейді. Ауылда, жағдайлары жоқ. Олар 5 есе қорқады. Әйелдерге арналған арнайы ұйымдар болу керек деп ойлаймын. Мемлекет қаржылай көмектессе, психологтар жұмыс істесе, 4-5 айда әйелдер өзгеріп, басқа болып шығады. Әйелдерге берер кеңесім — қорықпаңыздар. Қараңғы түнектің артынан міндетті түрде жарық шығады”, — дейді ол.

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл ойына түрлі пікір жазуда.

”Өте дұрыс айтады. Қазір әйелдер мықты болу керек”, “Менің басымнан осы жағдай өтіп жатыр, баламен қайда сыямын деп қорқамын”, “Мені де елдің сөзі ұстап жүр”, “Түсінбедім екінші рет те ажырасты ма сонда”, “Түрі не болып кеткен”, “Кореяға барып түрін әбден өзгертіпті, танымай қалдым”, — деп жазды олар.