"Ажыраспағанда Бишімбаевтың күйін кешер ме едік": Танымал блогер әйелін не үшін ұрғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ажыраспағанда Бишімбаевтың күйін кешер ме едік": Танымал блогер әйелін не үшін ұрғанын айтты

"Ажыраспағанда Бишімбаевтың күйін кешер ме едік": Танымал блогер әйелін не үшін ұрғанын айтты

"Қалаулым" жобасының қатысушысы, белгілі блогер Ислам Алтайбаев экс-жұбайы Шынар Медженоваға не себепті қол көтергенін түсіндірді.

  • 7 Маусым
  • 111
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Біздің ұрыс-керісте айтуын айтып шығып кеткен кезім де, жылаған сәт те, түрлі жағдай болды. Менің қол көтергенім — солардың шарықтау шегі болды. Кейбір қыз-келіншектер ер адамның көзі көрмей қалатындай дәрежеге жеткізеді. Мен соны Шынардан көрдім. Мүмкін, менің де кінәм бар шығар. Сол уақытта солай екіге кеткеніміз де дұрыс болған шығар. Болмаса, бұдан да үлкен дүниеге ұшырап қалатын едік. Құдай сақтасын, Бишімбаевтың жолын жалғастырар ма едік?! Шалыс басқан жігіттердің барлығы Бишімбаев болып кетіп жатыр ғой. Бірақ, ол қоғамда бар нәрсе, өзімнің де басымнан өтті. Негізі әйел адамға қол көтерген дұрыс емес. Менің де анам, қарындасым бар, ол нәрсені жақсы түсінемін. Дегенмен де, сол нәрсеге жеткізіп тұратын қыз-келіншектер бар», — дейді ол.