"Ажырасқан адам үкіметте қызмет етіп, бастық бола алмайды" Ерекше заң көпшіліктің талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ажырасқан адам үкіметте қызмет етіп, бастық бола алмайды" Ерекше заң көпшіліктің талқысына түсті

"Ажырасқан адам үкіметте қызмет етіп, бастық бола алмайды" Ерекше заң көпшіліктің талқысына түсті

Жапонияда ажырасқан адам үкіметте қызмет ете алмайды, өзі жұмыс істейтін мекемеде бастық бола алмайды. 

  • 2 Маусым 2023
  • 417
Фото - Caravan.kz

 Жапонияда 14 жыл өмір сүрген қазақ қызының жапон мәдениеті туралы айтқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Ол жақта 30 дан асқанда 40 қа жақындағанда тұрмыс құрады. Бірақ, ажырасу деңгейі бойынша Жапония дүние жүзінде ең соңғы орында. Ажырасу мүлде аз. Себебі, ажырасқан адам үкіметте қызмет ете алмайды, өздерінің компаниясында бастық бола алмайды. Өйткені, өзінің отбасына дұрыс қарай алмаған адам қалай  бір жерде бастық болады, қалай мемлекетті басқарады", — дейді ол.

Желі қолданушылары "Біздің Президентіміздің өзі ажырасқан ғой",  "Бізде ажырасқандар бірден министр болып кетеді ғой", "Қазақстанда 70% мектеп директорлары ажырасқан, күйеулері жоқ" деген пікірлерді жарыса жазуда.