“Ажырассаң ажалың менен болады деді”: Танымал әнші күйеуінен қысым көріп жүргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ажырассаң ажалың менен болады деді”: Танымал әнші күйеуінен қысым көріп жүргенін айтты

“Ажырассаң ажалың менен болады деді”: Танымал әнші күйеуінен қысым көріп жүргенін айтты

Әнші Индира Елемес күйеуінен ажыраса алмай жүргенін мәлімдеді.

  • 8 Тамыз
  • 12385
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол “Мамский әңгіме” подкастына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Менің күйеуімнің екі отбасы болды. Бірінші әйелі барын біле тұра екінші әйел болдым. Некемізді қидық. Бірінші әйелі келіп ұрыс шығарған жағдайлар болған жоқ. Күйеуім екі отбасының ортасында жүрді. Бізде ауызша келісім-шарт болды. Мен өнерді тастамаймын, сен көзіме шөп салмайсың дедім. Бірақ қазір ажырасам деп шештім. Үйленгеннен кейін мені қатаң бақылауда ұстады. Тойға шығармады. Тек концерттерде өнер көрсетіп жүрдім. Қаржылық жағынан сол кісіге тәуелді болдым. Бірақ, мынау керек, ананы аламын деп айтпайтынмын. Барлық әлеуметтік желідегі парақшаларымның логин мен құпия сөздері(пароль) сол кісіде. Ренжітіп аламын ба деп қорқып үндемей жүретінмін. Өнердегі қыздармен де араластырмайтын. Индира Елемес болуыма да өз септігін тизігенін мойындаймын. Менен ештеңесін аяған жоқ”, — дейді әнші.

Алайда, қатаң бақылауда болған өнер иесі ажырасудан басқа амалы қалмағанын айтады.

“Бірақ қазір тынысым тарылды. Ажырасудан басқа амалым жоқ. Шаршайды екенсің. Менің машинама, телефоныма локатор, gps қойып қойған. Телефонымдағы номерім да сол кісінің атында. Мен ажырасқым келгеніммен ол ажыраспайсың деп, келісімін бермей отыр. Ол кісі маған қол көтермеген. Сол үшін де қатты сыйлаймын. Бірақ, ажырасам дегенімде ажалың менен болады деді. Ол сөз — мен сені өлтіремін деген сөз ғой. Сол сөзден кейін мен балаларым үшін қорқамын”, — дейді ол.