Азиада алауы эстафетасы дирекциясының өкілі Солтүстік Қазақстан облысының осы іс-шараға дайындығы деңгейін жоғары бағалады, бұл жерде тиісті жұмыстардың 70 пайызына жуығы аяқталып қалыпты.
«Маған адамдардың ынтасы, олардың жұмысқа зор қызығушылықпен, ынта-жігермен келіп отырғаны қатты ұнады. Олар эстафетаның, жалпы Азия ойындарының саяси және қоғамдық маңызын терең сезіне алған. Жасалған жұмыстарға менің көңілім толып отыр», — деді ол журналистерге берген сұхбатында.