АЗИАДА: Алматыдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жарыстар ертеңге ауыстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЗИАДА: Алматыдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жарыстар ертеңге ауыстырылды

АЗИАДА: Алматыдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жарыстар ертеңге ауыстырылды

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 7-Қысқы Азия ойындарының бағдарламасына сәйкес бүгін Алматыда өткізілуі тиіс бірқатар жарыстар 4 ақпанға ауыстырылды, деп хабарлайды Азиаданың ресми сайты.

  • 3 Ақпан 2011
  • 578
Фото - Caravan.kz


Таратылған мәліметтерге қарағанда, биатлоннан жарысты ұйымдастырушылар Солдат шатқалындағы тұманның қалыңдығынан биатлоннан әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын жарысын тоқтату туралы шешім қабылдаған. Бұл жарысты ертең сағат 11:00-де бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ тау шаңғысы спортынан «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасында өткізілуі тиіс ерлер арасындағы суперкомбинация жарысы да жұмаға ауыстырылды. "Қар жауғанына байланысты бүгін өткізілуге тиіс жарыстар ертеңге қалдырылды. Осы себептен, ертең ерлер арасында да, әйелдер арасында да бәсеке өткізу жоспарланып отыр",- деген аталған спорт бойынша жарыс директоры Игорь Гаянов.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера