Азиада: Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Жапонияны жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиада: Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Жапонияны жеңді

Азиада: Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Жапонияны жеңді

7-Қысқы Азия ойындары аясында кеше Шайбалы хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы басты қарсыластары - Жапонияны матч соңындағы буллиттен ұтты.

  • 1 Ақпан 2011
  • 565
Фото - Caravan.kz


Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен ойында матчтың бірінші кезеңі 1:0 есебімен жапондықтардың пайдасына шешілді. Жапония құрамасы екінші кезеңде тағы бір шайба соқты, сөйтіп қарсыластар үшінші кезеңге 2:0 есебімен тарқады. Үшінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер ширақ ойнап, жапондықтардың қақпасына екі шайба соғып, есепті теңестірді. Шайбаның авторлары — Лариса Свиридова және Зарина Тоқтиева. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан, жарыс ережесіне сәйкес жеңімпазды анықтау үшін қосымша 5 минут уақыт берілді. Қосымша уақытта есеп өзгермеді. Сөйтіп ойын тағдыры буллит кезінде шешілді. Жапондықтар Қазақстан құрамасының қақпасына бірде-бір соққысын дарыта алмады. Ал Зарина Тоқтиеваның буллиттен соққан шайбасы біздің командаға жеңіс әкелді.

Айта кетейік Ақ Азиадада хоккейден әйелдер командалары арасындағы жарыста Қазақстан, Жапония, Қытай, Оңтүстік, Корея, Солтүстік Корея құрамалары сынға түсуде. Біздің команда осыған дейін үш ойын өткізіп, соның барлығында жеңіске жетті. Енді жерлестеріміз 3 ақпанда Қытай құрамасымен кездеседі. Бұл ойында жеңіке жетіп жатса, біздің команда Азия ойындарының жеңімпазы атанады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера