АЗИАДА: Могулшы Юлия Галышева Қазақстан қоржынына 14-алтын жүлдені салды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЗИАДА: Могулшы Юлия Галышева  Қазақстан қоржынына 14-алтын жүлдені салды

АЗИАДА: Могулшы Юлия Галышева Қазақстан қоржынына 14-алтын жүлдені салды

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева Ақ Азиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Бүгін Алматыдағы "Табаған" спорттық-сауықтыру кешенінде өткен әйелдер арасындағы параллельді могул жаттығуында Юлия Галышева ешкімге дес бермеді, сөйтіп алтыннан алқа тақты.

  • 3 Ақпан 2011
  • 432
Фото - Caravan.kz


Бұл Қазақтан қоржынына түскен 14-алтын медаль. Осы сайыста күміс жүлде де қазақстандық спортшыға бұйырды. Жерлесіміз Юлия Родионова финалда Юлия Галышеваға 33:2 есебімен ұтылып, күміс жүлдегер атанды. Қола жүлдені жапониялық могулшы Ито Мики (Ito Miki) жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін болған жарыста отандасы Сатое Таені (Satoya Tae) 21:14 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұл Юлия Галышеваның Қазақстан қоржынына салған екінші алтын жүлдесі. 31 қаңтар күні Алматыдағы "Табаған" спорттық-сауықтыру кешенінде өткен жарыста ол 1-орын алды. Ол жарыста 2-орынды жапондық Ито Лити, 3-орынды қытайлық Нинг Чин иеленген болатын. Бұл жарыс барысында спортшылар тау беткейінен төмен қарай сырғанап, белгіленген ереже бойынша екі жерден секіріс жасап, 250 метрге созылған қиын шаңғы жолынан өтті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера