Бұл туралы ҚазАқпарат Азиада ұйымдастыру комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түскі сағат 13.00-ге дейін Қазақстанның ұлттық құрамалары қоржынға барлығы 16 медаль салды. Оның 6 -уы алтын, 5 — күміс және тағы 5- қола медальдар.
Қазақстанға алтын жүлделерді : спринтерлік жарыстарда — Ольга Новикова, шаңғымен шапшаң түсуде — Дмитрий Кошкин, могулден — Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева, жеке спринтерлік жарыста — Алексей Полторанин және шаңғымен бағдарлау жарысында Михаил Сорокин сыйлады.
Қазақстаннан кейінгі екінші орында жапондық спортшылар келеді. Олардың қоржынында әтүрлі құндылықтағы барлығы 6 медаль (2 — алтын, 3 — күміс, 1 — қола) бар .
Үшінші орында екі медальмен — Қытай, төртінші және бесінші орындарда бір-бір медальдармен Корея және Моңғолия спортшылары келеді.
Айта кетейік, 7-қысқы Азия ойындарында 27 мемлекеттің ұлттық құрамалары бақ сынауда. Ойындар спорттың 11 түрінен өтуде. Оның 7-уі — Алматыда, 4- Астанада өтеді.