АЗИАДА: Қырғызстанның құрама командасы шайбалы хоккейде бірінші орын алуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЗИАДА: Қырғызстанның құрама командасы шайбалы хоккейде бірінші орын алуы мүмкін

АЗИАДА: Қырғызстанның құрама командасы шайбалы хоккейде бірінші орын алуы мүмкін

Бүгін Астанадағы «Барыс» спорт кешенінде 7-Қысқы Азия ойындары аясында өтіп жатқан шайбалы хоккейден ерлер командалары арасындағы премьер-дивизион жарыстарының кезекті ойынында Қырғызстанның құрамасы Малайзияны жеңді.

  • 1 Ақпан 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

Есеп — 23:2. Осымен Қырғызстан құрамасы Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия мен Малайзияны артқа тастап, төртінші рет жеңіске жетіп отыр. Спорт сарапшыларының айтуынша, премьер-дивизион санатында бірде-бір жеңілмей келе жатқан қырғызстандық хоккейшілер бірінші орынды алуы әбден мүмкін. Алдағы уақытта олар Бахрейн мен Куәйт командаларымен кездеспек. Аталған екі команда бұған дейінгі кездесулердің бәрінде де ұтылған болатын.

Премьер-дивизионда 2-3-орындар үшін Тайланд, Малайзия, Моңғолия және Біріккен Араб Әмірліктері таласады.