АЗИАДА: Қытай хоккейшілері бірінші жеңісіне қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЗИАДА: Қытай хоккейшілері бірінші жеңісіне қол жеткізді

АЗИАДА: Қытай хоккейшілері бірінші жеңісіне қол жеткізді

Бүгін Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында 7-Қысқы азия ойындары аясындағы шайбалы хоккейден жоғары дивизионда өнер көрсетітіп жатқан Қытай мен Қытайлық Тайпей командалары кездесті.

  • 4 Ақпан 2011
  • 428
Фото - Caravan.kz


Матч 10:1 есебімен Қытай құрамасының пайдасына шешілді, сөйтіп олар Азиададағы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін Қытай құрамасы Жапониядан 1:7 есебімен ұтылса, Қазақстанға 1:14 есебімен жеңілген болатын. Қытайлық Тайпей болса, осымен қатарынан төртінші мәрте ұтылды. Олар бұған дейін Кореядан 0:22, Жапониядан 0:18 және Қазақстаннан 0:35 есебімен тас-талқан болып жеңілді.

Қытай құрамасының бас бапкері Лебедзэу Йохенидің айтуынша, Азия ойындарының тарихында қытайлық хоккейшілер Жапонияда өткен Ақ Азиаданың алғашқы сайыстарында ғана жеңіске жеткен болатын. «Ол кезде Қазақстан құрамасы шайбалы хоккей ойындарына қатысқан жоқ», — дейді ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера