АЗИАДА. Шаңғымен 125 метрлік тұғырдан секіруде Николай Карпенко қола жүлдегер атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЗИАДА. Шаңғымен 125 метрлік тұғырдан секіруде Николай Карпенко қола жүлдегер атанды

АЗИАДА. Шаңғымен 125 метрлік тұғырдан секіруде Николай Карпенко қола жүлдегер атанды

 Бүгін Алматыдағы шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде 7-қысқы Азия ойындарының бағдарламасындағы 125 метрлік тұғырдан секіруде жекелей сын аяқталды.

  • 31 Қаңтар 2011
  • 381
Фото - Caravan.kz


Онда жапониялық Казуя Иошиока (Kazuya Yoshioka) мен Казиоши Фунваки (Kazuyoshi Funaki) 1-2 орынды өзара бөлісіп, қазақстандық Николай Карпенко үздік үштікті түйіндеді. Жалпы бұл жарысқа Қазақстаннан — 6 , Жапониядан — 2, Қытайдан -1, ал Кореядан — 2 спортшы қатысқан болатын. Алексей Корелев — 5, Евгений Левкин — 6, Радик Жапаров — 8, Константин Соколенко — 9, Асан Тахтахунов — 10 орын алды. Енді бұл спорт нысанында 2, 4 ақпан күндері 90 метрлік орта тұғырда жекелей және 125 метрлік үлкен тұғырда командалық сындар өтеді.