Азиада: спортшыларға 300-ге жуық допинг-тест жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиада: спортшыларға 300-ге жуық допинг-тест жүргізіледі

Азиада: спортшыларға 300-ге жуық допинг-тест жүргізіледі

 7-Қысқы Азия ойындарына қатысушы спортшылар 300-ге жуық допинг-тестіден өтеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) Медицина комитетінің төрағасы Мани Джэгатэсан мәлім етті.

  • 31 Қаңтар 2011
  • 545
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан талдауларды жүргізу үшін аккредитацияны алғанын айтқым келеді. Бұл допинг-қадағалау тестілерін жүргізетін зертхана», — деді ол.

М.Джэгатэсанның айтуынша, зертханалар Астана мен Алматы қалаларында орналасқан және Ойындар аясында спортшыларға барлығы 300-ге жуық допинг-қадағалау тестісі жүргізілетін болады.

Сондай-ақ АОК өкілі, спортшыларға медициналық жәрдем алуға жасалған жағдайлар үшін Қазақстанның Ұйымдастыру комитетіне алғысын білдірді.