Азиада: Тараздағы алау эстафетасын Жамбыл облысының әкімі бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиада: Тараздағы алау эстафетасын Жамбыл облысының әкімі бастайды

Азиада: Тараздағы алау эстафетасын Жамбыл облысының әкімі бастайды

VІІ қысқы Азиада ойындарының Тараздағы Алау эстафетасын Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев бастайды.

  • 11 Қаңтар 2011
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Алматыдан кейін Тараз қаласы 2011 жылғы Азиада ойындарының Алау эстафетасын қабылдайтын республика қалаларының алғашқысы болады, — деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында Жамбыл облысы Спорт және туризм басқармасының бастығы Бахтияр Артаев. — Таразға Алау 12 қаңтар күні кешке жеткізіледі, ал 13 қаңтарда біздің ежелгі қаламыздың көшелерінде 60 шырақшы қатысатын Алау эстафетасы басталады».

Б.Артаев нақтылағандай, эстафетаға қатысушылар арасында — жамбылдық спорт ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі спортшылар, спорт меценаттары, қазақстандық мәдениет жұлдыздары бар.


Азиада-2011 алауын Тараз жерінде қазақстандық спорт жұлдыздары Ислам Байрамұқов, Болат Ниязымбетов, Болат Жұмаділов алып жүреді.